
Құрметті сайт қонақтары!
Мен сіздерді Көкшетау қаласы «№8жалпы орта білім беретін мектебі» сайтында қарсы алғаныма өте қуаныштымын.
Мектеп сайты – бұл мектепті ата-аналармен, достарымызбен, әріптестерімізбен, қоғамдық өкілдермен, өкілетті ұйымдармен байланыстыратын қазіргі жаңа ақпараттық көпір. Бұл – біздің сүйікті мектебіміздің қамтитын ақпараттық кеңістігі.
Біздің интернет – ресурстар бойынша саяхат жасай отырып, Сіздер мектеп тарихымен, негізгі құжаттарымен, білім беру үрдісінің әртүрлі аспектілерімен, табыстарымен, жетістіктерімен жан-жақты терең танысатын боласыз. Бұл таныстықтың барлығымыз үшін де қызықты және пайдалы болатынына сенімдімін.
Мектебіміздің мақсаты - оқу-тәрбие үрдісіне жаңа білім мазмұны мен әдістерін енгізу арқылы ұлттық рухани құндылықтарды өскелең ұрпақ бойына дарытып, қоғамға бейім, бәсекеге қабілетті, алған білімін өмірде қолдана алатын адал азаматтарды тәрбиелеп оқыту. Мектеп үнемі дамып, заман ағымына ілесіп отырады, оның басты сипаттамасы-білім беруді модернизациялау, білім сапасын жоғары деңгейге жеткізіп, жаңашылдыққа ұмтылу.
Мектебімізде әр оқушының сапалы білім, саналы тәрбие алуына барлық жағдайлар жасалған.
Біздің сайтта сіздер мектептің тыныс-тіршілігімен, шәкірттеріміз бен педагогтеріміздің жетістіктері мен жеңістері жайлы біле аласыздар. Сонымен қатар, сіздер білім саласындағы барлық соңғы жаңалықтарды таба аласыздар.
Мектеп директоры ретінде менің мақсатым – Сіздермен әрдайым байланыста болу, өйткені бірлесе отырып, балалар үшін жан-жақты жағдай жасасақ, керемет нәтижелерге қол жеткізуге болатынына сенімдімін.
Құрметпен, №8 жалпы орта білім беретін мектебінің басшысы: Хасенова Раушан Серікқызы
15.04.2026
2026 жылдың 15 сәуір күні "№8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-не жаңа басшы
2026 жылдың 15 сәуір күні "№8 жалпы орта білім беретін мектебі" КММ-не жаңа басшы болып Хасенова Раушан Сериковна тағайындалды! Раушан Сериковнаға зор денсаулық, шабыт, ұжымға қолдау, жаңа жобаларды табысты іске асыру, батыл идеялар мен оқушылардың, педагогтардың және...
15.03.2026
Проведение тренинга по вопросам охраны труда и соблюдения трудового законодательства
В рамках семинара «Безопасная школа: образование и сохранение здоровья», который состоялся в ШГ №1 города Кокшетау, техническим инспектором школы Кыдырбековым М.Р. и председателем профсоюза школы Мутасовой Т.Б. был проведён тренинг с элементами кейс-стади на тему:...
22.01.2026
мектебімізде *2–11 сынып оқушылары* арасында "Мен таңғажайыппын!" ғылыми-шығармашылық байқауы өтті. Қатысушылар өздерінің зерттеу және шығармашылық жобаларын ұсынып, креативті ойлау қабілетін, ізденімпаздығын және өзіне деген сенімділігін көрсетті. Әрбір қатысушы өз талантын ашып, идеяларымен бөлісіп, ғылым мен шығармашылықтың бір-бірімен тығыз байланысты екенін дәлелдеді. Барлық қатысушыларға, педагогтерге және ұйымдастырушыларға белсенділік, қолдау және жарқын өнер көрсетулері үшін алғыс білдіреміз! Оқушыларды сәтті қатысуымен құттықтаймыз және жаңа жетістіктер мен жеңістер тілейміз!
10.01.2026
Шын жүректен Менгулов Егорды және оның жетекшісі, биология пәнінің мұғалімі Горюнова Наталия Николаевнаны 9–11 сынып оқушылары арасында өткен Республикалық пәндік олимпиаданың облыстық кезеңіне табысты қатысуымен құттықтаймыз. Жоғары деңгейдегі білімін көрсете отырып, Егор биология пәнінен II орын иеленді! Бұл нәтиже — оқушының тынымсыз еңбегі мен ұстаздың кәсіби шеберлігінің жемісі. Алдағы уақытта толағай табыс, жаңа жеңістер тілейміз!
07.10.2025
06-10.10.2025 аралығында мектепте эстетикалық цикл пәндері апталығы және дене шынықтыру, АӘТД пәндері апталығы өтеді!!!
Аталған іс-шаралардың мақсаты: көпмәдениетті жас ұрпақты тәрбиелеу; салауатты өмір салтын ұстанатын оқушылардың эстетикалық және физикалық қабілеттерін дамыту.
Ол үшін мұғалімдер мектеп фойесінде стендтер дайындады, мектеп қатарында пәндік апталықтың ашылуы болды....
07.10.2025
3–4 сынып оқушылары арасында “Алтын сақа” олимпиадасы өтті. Олимпиада қорытындысы:
3-сынып:
1 орын – Станеев Максим
2 орын – Коваленко Тимур
2 орын – Косачев Матвей
4-сынып:
1 орын – Кривоусов Михаил
2 орын – Қарабек Аңсар
3 орын – Мубарак Шакир
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз!
Жетекшілер: Айтбаева А.Т., Тасбулатова А.К.
12.02.2025
Алаяқтар қылмыстық әрекетке қалай қатысады ?
03.02.2025
Бүгін КММ "№8 жалпы орта білім беретін мектеп" базасында А.Мырзахметов атындағы университет оқытушылары Мартыненко В.В., Плескачева А.В. қатысқан жоспарлы кездесу өтті. Тақырыбы: "Жасөспірімдердің мінез акцентуациясы. Қиын балалармен қалай жұмыс істеу керек" (тәжірибе алмасу). Кездесудің мақсаты: жас мұғалімдерге оқушылардың күрделі мінез-құлқының себептерін түсінуге көмектесу және олармен өзара әрекеттесудің тиімді жолдарын табу. Кездесу барысында қиын оқушылармен қарым-қатынастың тиімді әдістері талқыланды, түрлі жағдайлар қарастырылып, мінез-құлықтың ықтимал себептері сарапталды. Нәтижесінде университет оқытушылары мен мектеп психологтары шешу стратегияларын ұсынып, өз идеяларымен бөлісті!
03.02.2025
Мектебіміздің 9-сынып оқушысы Чумаков Роман "Сөз маржан" Collaboration Fest байқауының "Жыр жауһары" номинациясы бойынша республикалық кезеңінің жеңімпазы атанып, I дәрежелі Дипломмен марапатталды. Романды және оның жетекшісі Гульсара Базкеновна Саликованы (қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі) құттықтай отырып, алдығы уақытта шығармашылық табыс тілейміз!
03.02.2025
Бүгін мектепте біз 2-4 сынып оқушыларымен жобалық қызметке арналған қызықты іс-шара өткіздік!