№8 ЖОББМ КММ-де 10.08.2023 бастап "Балақай мектебі" жұмыс жасауда. Даярлық курстарының мақсаты балалардың мектепте оқуға ынтасын, зияткерлік, эмоционалдық-еріктік дайындығына ықпал ететін білім беру ортасын құру, бірінші сыныпта табысты бейімделуін қамтамасыз ету.
Міндеттері:
- баланың мектепте оқуына эмоционалды-оң көзқарасты қалыптастыру;
- болашақ меткеп оқушысының тұлғасын қалыптастыру;
- «мектепалды даярлық – бастауыш мектеп» сабақтастық қағидасын сақтау;
Курс соңында күтілетін нәтижелер:
- мектепте өзін ұстау тәртібін сақтау;
- гигиеналық ережені сақтау;
- сурет бойынша әңгіме құрастыру;
- өлеңдерді мәнерлеп оқу;
- әңгімені, ертегіні мазмұндау;
- сөздерді дыбыстық талдау;
- дауысты және дауыссыз дыбыстарды ажырату;
- 10 дейін сандар мен цифрларды білу;
- 20 дейін санау;
- дәптерді, кітапты, кеңістікті, уақытты бағдарлау;
- қарапайым тапсырмаларды орындау;
- бейнелеу құралдарын қолдану.