Бурабайдағы «Rixos Borovoe» қонақ үй кешенінде «Жаңа жылдық алаулар
ЭКСПО-2017» тақырыбымен ұйымдастырылған шыршаға облыстағы 17 аудан мен 2 қала,
балалар үйінен, 4 облыстық арнайы түзету мектеп-интернаттарынан, 3 дарынды
балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернаттарынан, жасөспірімдерді
оңалту және әлеуметтік бейімдеу облыстық орталығынан, мүгедек балаларды қолдау
қауымдастығының оқу үздіктері, жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар, мүгедек балалар, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың 9
жастан 13 жас аралығындағы 200-ге жуық бала қатысты. Кокшетау қаласының №8 орта мектебінен президенттік шыршаға 4 «А»
сыныбынан Лышников Богдан қатысты.
Жаңа жылдық
шыршаның ертегілік көрінісі тәтті үстелмен және ескерткіш сыйлықтарын
тапсырумен аяқталды.